16.08.2021, 9:24
Қараулар: 39
Білікті маман даярлау басты мақсат

Білікті маман даярлау басты мақсат

Бүгінде Бәйтерек колледжі кәсіби білім беріп, жаңа буын маман иелерін даярлайтын облысымыздағы бірден – бір оқу орны. Кәсіптік білім беру саласында терең тарихы бар мекеме нарықтық заманда сұранысқа ие, заманауи технологияны меңгерген, жоғары сапалы мамандар даярлап келеді.

Колледж тарихына үңілсек, білім ордасы 1932 жылы оқу комбинаты болып құрылып, әр жылдары механикаландыру мектебі, Қызыл Армия бөлігінде ұшу құрамын даярлауға арналған ұшқыштар мектебі, «№13 ауылдық орта кәсіптік-техникалық училищесі, кәсіптік лицей болып қызмет атқарды. 2012 жылдың 15 наурызынан бастап БҚО әкімдігі білім басқармасының «Зеленов колледжі», кейін БҚО әкімінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 208 қаулысымен колледж атауы БҚО білім басқармасының «Бәйтерек колледжі» болып өзгертілді.

Колледжің инженерлік — педагогикалық ұжымы оқу – тәрбие процесінің жоғары тиімділігін, еңбек нарығына қажетті, құзыретті, білікті жұмысшы мамандарын дайындауды көздеп, барлық жұмыстардың сапалық деңгейін арттыруда. «Оқу – тәрбие үрдісіне инновациялық педагогикалық технологияны кеңінен енгізіп, білімділік, дамытушылық сапасын көтерудің тең жолдарын қалыптастыру» тақырыбында жұмыстанады.

Қазіргі таңда колледж «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Дәнекерлеу ісі», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Жеміс – көкініс шаруашылығы», «Электр жабдықтары», «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану», «Фермер шаруашылығы» сияқты нарық сұранысына ие мамандар даярлайды.

Колледжде әр мамандыққа арналып, соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етілген оқу шеберханалары мен лабораториялары жұмыс жасайды. Оқу, технологиялық практикалары колледж шеберханаларында өтеді. Кәсіби машықтан оқушылар аудандық, қалалық және облыстық кәсіпорындарында өтеді. Ол үшін бірқатар мекемелермен келісім-шарт та жасалды.

Колледж қабырғасында сапалы маман даярлау үшін қажетті материалдық-техникалық база құрып, кабинеттер, смарт тақталы кабинеттер, мультимедиялық-лабораториялық кабинеттер, компьютермен, замануи аудио-видео құралдармен, автоматтандырылған кітапхана жүйесін алу, интернет желісі және Wi-Fi нүктелерімен қамтылған зертханалық бөлмелер мен шеберханаларды жабдықтау жоспарлануда.

2014 жылдан бастап дуальдік оқыту жүйесіне біршама дайындық жұмыстары жүргізіліп, бүгінде студентердің өндірістік практикасы өткізілетін әлеуметтік әріптестермен, кәсіпорындармен, жұмыс берушілермен екі жақты келісім-шарттар жасалып, меморандумдарға қол қойылды. Колледжің Рубежка ауылында орналасқан бөлімінде дуальды оқыту бойынша «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы, «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі» біліктілігі бойынша дуальдық оқыту жүргізіледі. Жеке кәсіпкер «Аширметов М.Д.» , «Рубежинское» АШөК, «Мырза Джан», «Раздолье» шаруа қожалықтары дуальды оқытуға жағдай жасап отыр. Олар 3 жақты шарттың негізінде білім алушыларды тәжірибеден өткізуге өндірістік базаларын берді. Сәйкесінше оқу жұмыс бағдарламалары «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және кәсіпкерлермен келісілген. Қазіргі таңда «Фермер шаруашылығы» «Аспазшы» біліктілігі бойынша оқитын студенттер «Ижанова А.А.» «Айсұлу», «Сұлтанғалиева Г.Х.» сияқты жеке кәсіпкерлердің базасында машықтан өтеді. Әр мекемемен оқытудың дуалды жүйесін енгізу мақсатында төртжақты келісімшартқа отырдық. Сонымен бірге аудан орталығындағы іргелі мекеме базаларымен келісім шарттар жасалуда.

Техникалық және кәсіптік білім беруде жаңа технологиялармен қамтылған, жоғары дәрежеде жұмыс ұйымдастыруы және қарқынды дамып келе жатқан әлеуметтік серіктестік мекемелермен бірігіп, тығыз байланыста жұмыс жасауымыздың маңызы бар. Бұл тұрғыдан әлеуметтік әріптестермен келісімшарт негізінде жүйелі байланыстар орнатылған. Олардың қатарында: «Аширметов М.Д.» жеке кәсіпкерлігі, Рубежка

ауылындағы «Мырза Джан» шаруа қожалығы, Переметныйдағы «Андрейщев А.В.» шаруа қожалығы,;«Ижанова А.А.» жеке кәсіпкерлеігі бар. Сондай-ақ «Авангард» ЖШС,«Каркула» шаруа қожалығы,«Султангалиева Г.Х.» жеке кәсіпкерлігі, «Колос» шаруа қожалығы, «Батыс Қазақстан ТЭК» АҚ – аудандық филиалы, «Жаңасай» ШҚ, жетекшісі С.Д.Убебалиев бар. Бұл серіктестерімен байланыс өзінің оң нәтижесін беруде.

Оқу-әдістемелік, тәрбие жұмыстары бекітілген жоспарлар бойынша өткізілді. Оқытушылар кәсіптік сауатын арттырып облыс, республика көлеміндегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, форумға қатысады.

Оқушылар алған кәсіптік білімдерін практикалық және теориялық сабақтарында пысықтайды. Пән үйірмелері жұмыс істейді, онда оқушылар қосымша білім алу мен бірге ғылыми жұмыстармен айналысады.«Лидер» волонтерлар ұйымы, «Жайдарман» клубы, «Жас маман» өзін – өзі басқару ұйымы өз жұмысын сәтті бастады. Осы бағытта оқушылар тек кәсібін ғана игеріп қоймай, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласу үшін жағдай жасалуы керек. Өзін-өзі басқарудың құндылығы сонда, осы ұйым арқылы оқушылар колледж өміріне, колледждің ішкі саясатына, әкімшілік жұмыстарына, колледжішілік оқу және тәрбие үдерістеріне әсер ете отырып шешім қабылдауға ықпал етіп, барлық іс – шараларды өткізуге септігін тигізіп отыратын болады.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, колледждің 90 жылдығына арналған жаңа жобаларды да жүзеге асыру қолға алынды.

Колледждің басты қағидасы – адами құндылықтарды тәрбие жұмысы арқылы сақтай отырып, қоғамға интеллектуалды, инновациялық негізде білім алған тұлға – жас кәсіби маман даярлау болып табылады.

Мамандық таңдау – аса жауапкершілікті талап ететін жауапты қадам. Өзекті мамандықтар қатарына еңбек сұранысына қажетті мамандықтар жатады.

Бүгінде мектептермен бірлесе жұмыстану мақсатында мектеп әкімшілігіне кәсіптік бағдар беру қызметі туралы, мамандықтар бойынша ақпарат беру, мектеп оқушыларына мамандықты танып білуіне ықпал ету бағытында «Мамандық таңдау – өмірді таңдау» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылып отырады. Мамандық таңдауда мұндай шаралардың маңызы зор, себебі, осы шара аясында оқушылар тек колледж даярлайтын мамандықтармен ғана танысып қоймай, студенттік өмірден мағлұматтар алады, практикалық жұмыстарды өз көздерімен көріп, болашақ мамандығына деген қызығушылықтары арта түседі. Мектеп оқушылары студент өмірі туралы ақпараттар алып, олардың қол жеткізген жетістіктері туралы хабардар болды.

Өз маманының жетік білгірі, білікті маман ғана өмірде өз орнын тауып, ел экономикасын өркендетуде үлесін қоса алады. Келер күнге сеніммен қарататын осындай игі де ізгілікті іс біздің колледжімізде ұжымның көмегінің арқасында оң нәтижесін беруде.Яғни,Қазақстан Республикасының әлеуметтік жағынан белсенді, бойында патриоттық сезімі бар, толерантты, жауапты және жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани -адамгершілік жағынан бай, жаңа заман көшбасшысын қалыптастыру жолындамыз.

Біздің негізгі мақсатымыз теориялық білім мен іс-тәжірибені ұштастырып, болашақ кәсіби құзіретті маман дайындау болып келеді және сол мақсат межесіне жету жолында шығармашылықпен нәтижелілікке ұмтылудамыз.

Гүлжанар Гильманова

Бәйтерек колледжінің директоры