17.05.2021, 12:04
Қараулар: 26
Игі іс жалғаса таба бермек

Игі іс жалғаса таба бермек

Елімізде бастау алған «Қайырымды істер марафоны» жобасына Мичурин мектебі де өз үлесін қосуда. Жуырда білім ордасының ұстаздары мен мектеп түлектері, ауылдың жанашыр тұрғындарының бастамасын жалғап, қолдау мен қайырымдылықты қажет ететін отбасы балаларына азық-түлікпен, киім – кешек алып берді.

Игі іске мектеп директоры А. Кенжебаева бастап, оны Е. Ибраев, Г. Қазжанова, К. Ахметова, Н. Каримова, Г. Жанібекова, Е. Мұқамбетқалиев, Л. Имагамбетова, Е. Даулетова, Г. Дегенбаева, Ж.Мұкамбетқалиева, С. Әжіғали, А. Жұбанова сияқты ұстаздар бір кісідей қолдады.

-Мейірімді әрі қайырымды болу азаматтың міндеті. Ал ұстаздардар қауымының игі істері ата-ана мен шәкіртке үлгі болуы керек. Елімізде қолға алынған тамаша бастамаға қолдау білдірген әр ұстазға алғысым шексіз,-деді мектеп директоры А.Кенжебаева.

Сондай-ақ ауданға қарасты Новенков ауылының тұрғыны Жардемғали Құсайынов та бастамаға қолдау танытып, бір көпбалалы отбасына көмек көрсетті. Ол бір үйдің сегіз баласын жазғы киіммен толық қамтамасыз етті. Елімізде атына заты сай Жардемғалидай азаматтар көбее берсін.

Бұдан бөлек меткептің 2010, 2015, және 2018 жылғы түлектері жыл сайын қайырымдылық эстафетасын ұйымдастырады. Өскелең ұрпақты шынайы мейірімді болуға тәрбиелейтін осындай жастардың ісі де көпке үлгі.

Жанат Мұқамбетқалиева,

Бәйтерек ауданы,

Мичурин мектебінің Әлеуметтік педагогі