18.06.2021, 9:48
Қараулар: 31
Кітап – достық көпірі

Кітап – достық көпірі

Х.Есенжанов атындағы облыстық балалармен жасөспірімдер кітапханасы «Кітап – достық көпірі» атты ұлттар әдебиетіне арналған байқау ұйымдастырды. Әр ұлт өкілдері арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға, балалар мен жасөспірімдер арасында өзге ұлттар мен ұлыстардың әдебиеттерін насихаттап, танытуға бағытталған конкурсқа бәйтерек ауданының оқырмандары да қатысты.

Жыл сайынғы өтетін аталмыш байқау биыл онлайн форматта өтті. Өңіріміздің әр ауданынан келген оқырмандардың басы қосылған қызықты байқау тұрғындар арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, кітапсүйерлердің өзара пікіралмасуына да ықпал етеді.

Биылғы байқауға бауырлан Әзірбайжан елінің әдебиеті таңдалып алынды. Қатысушылар «Мен сүйіп оқитын әзірбайжан ақыны немесе жазушысы», «Әзірбайжан әдебиетіндегі менің сүйікті шығармам» тақырыбында шығарма, эссе, өлең, мақала жазуы керек болды.Қорытындысында бәйтеректік 9 оқырман жүлделі орын алса, 1 оқырман арнайы номинацияға ие болды. Конкурсқа негізінен Калинин, Дариян, Чеботарев, Чинарев, Сұлукөл, Зеленое, Озерное, Погодаев және Орталық балалар кітапханасының оқырмандары қатысты.

Арай МАРУАНОВА

Бәйтерек ауданының

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің

балалар және жасөспірімдермен жұмыс әдіскері