20.05.2021, 14:53
Қараулар: 28
«Оpen air» Оқысаң жаның жадырап,жігеріңе жігер қосылар

«Оpen air» Оқысаң жаның жадырап,жігеріңе жігер қосылар

Ел Президенттің тапсырмасына сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «2021 жылды Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялады.

Балалар арасында кітап оқуды насихаттау олардың кітапқа деген қызығушылығын және мәдениеті мен белсенділігін арттыру мақсатында Бәйтерек аудандық орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Open air» шарасын ұйымдастырды.

Кітапханашылар аудан орталығындағы «Бейбітшілік пен келісім», «Астана» саябақтарына барып, ойын балаларын кітапхана қорына түскен жаңа кітаптармен таныстырды. Ашық аспан астында өткен шара барысында бүлдіршіндерге жаңа қазақстандық көркем әдебиеттер ұсынылды. Олардың ішінде З.Наурызбаева, Л. Калау тың «Алтын тостағанды іздеу», Қ.Қайымның «Көпір астындағы үй»,Ә. Салықбайдың «Ілияс мінген қарагер», М.Жылқыбайдвң «Тауға саяхат», З. Телеуованың «Құлаған үйдің құпиясы» сияқты қызықты кітаптар болды. Ерекше шараға үлкен қызығушылық танытқан балақайлар кітап беттерін парақтап, өз ойларымен бөлісті. Осылайша ауыл балаларының оқуға деген ынталарын тудырған кітапханашылар бүлдіршіндерді кітапханаға шақырды.

Әр шығарманың не туралы екенін егжей-тегжей сұрап білген балалар сұрақтарына толық жауап ала алды.

Шара барысында ойын балаларының білімін тексеру үшін шағын векторина ұйымдастырылды. Кітапханашы апалары қойған қызықты сұрақтарға Нұрәмір Сағынғали, Диана Тойлыбаева, Абдрахман Темірбай, Айкөркем Ермұханқызы, Ерсұлтан Нұрлан сынды кітапсүйер оқырмандар нақты жауап беріп, алғырлықтаарын көрсетті. Сондай-ақ жас оқырмандармен компьютерлік технологиялар мен интернет ғасырында оқу қажеттілігі туралы өткен пікірталасқа да балалар белсенді қатысты.

Кездесу соңында іс-шараның ең белсенді қатысушылары тәтті сыйлықтарға ие болды.

Зауреш Габдулиева,

Бәйтерек аудандықОрталық балалар

кітапханасының меңгерушісі