18.08.2021, 9:36
Қараулар: 43
Туған ауылының оқушыларына көмек көрсетті

Туған ауылының оқушыларына көмек көрсетті

«Мектепке жол» акциясы жалпыұлттық сипат алды. Мұқтаж, көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушыларға өндірістік компаниялар мен шаруа қожалықтар, кәсіпкерлер демеушілік көрсетуді әдетке айналдырды. Жыл сайын игі іске жұмылғандар саны артып келеді.

Жуырда Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округіне қарасты Озерный негізгі мектебінен түлеп ұшқан ерлі-зайыпты Бекжан Садықов мен Руфина Жұмағазиева өздері туып өскен ауылында тұратын екі отбасы балаларына қамқорлық танытып, мектепке қажетті оқу-құралдарын алып берді.

Бүгінде Орал қаласында тұрып жатқан жас жанұяның бұл әрекетіне озерныйлық ағайын разы.

-Адам өміріндегі ең игі қасиеттердің бірі мұқтаж жандарға көмек қолын созу. Ацияға қолдау білдіріп, қайырымдылық жасаған жандарға ата аналары алғыс айтамын, ризашылығымыз шексіз,-дейді ата-аналардың бірі.

Бұдан бөлек Бекжан мен Руфина аудан орталығы Переметный ауылында тқратын екі отбасы балаларына да қолдау білдірген.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы