6.09.2021, 15:50
Қараулар: 23
Тіл –достық тірегі

Тіл –достық тірегі

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Бәйтерек ауданы, Переметный ауылына қарасты Қаражар елді мекенінің кітапханасы «Тіл –достықтың тірегі» атты кездесу кешін ұйымдастырды.

Ана тіліміздің мәртебесін арттырып, ауыл азаматтарын кітап оқуға шақыру және ақын-жазушыларымыздың шығармашылығына деген қызығушылықты арттыру мақсатында оздырылған шараға қаражарлық ағайын белсенді қатысты.

Кеш барысында ауыл мектебінің оқушылары ана тіліміз, отан туралы өлеңдер оқып, кездесу сәнін кіргізсе, үлкендер жағы «Ана тілім ардағым» атты кітап көрмесін тамашалап, оқулықтарға шолу жасады. Көпшілік кітапханасы қорындағы Ш.Сарыбаевтың «қазақ тіл білімінің мәселелері», «Әлем халықтарының мақал-мәтелдері», Ф.Оразбаеваның «Ой өрнегі мен сөз», «ХХ ғасыр басындағы қазақ тілі», Ө.Айтбайұлының «Тілтірек» сияқты кітаптары қызыға оқыды.

Арал Болпышұлы,

Бәйтерек ауданы