30.04.2021, 10:03
Қараулар: 29
Үздік ауылдық клуб атанды

Үздік ауылдық клуб атанды

Облыстық IV «Рухани қазына-2021» онлайн облыстық фестивалі аяқталды.

Жуырда мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің IV «Рухани қазына-2021» онлайн облыстық фестивалінің І іріктеу кезеңі өтті. Аталмыш байқаудың «Үздік ауылдық клуб» номинациясында бақ сынаған Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық клубы І орын иеленіп, Республикалық «Рухани қазына-2021» онлайн фестиваліне жолдама алды.

-Бүгінгі шағын ғана жеңісім осы кезге дейін атқарған еңбегімнің жемісі. Енді фестивалдің республикалық кезеңінде өңір намысын жықпауға тырысамыз. Қажет деген материалдарды жолдадық. Қорытындысын күту ғана қалды,-дейді клуб меңгерушісі Толқын Мүрсәлімқызы.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы