20.08.2021, 9:41
Қараулар: 46
«LIVE DIАLOGUE» жалғасуда

«LIVE DIАLOGUE» жалғасуда

«LIVE DIАLOGUE» жобасы аясындағы кезекті тікелей эфир «Қазақ жазушыларының шығармашылығындағы діни сарындар» тақырыбына арналды.

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығынң бастауымен өтіп жатырған жоба жастар арасында діни экстремизімнің алдын-алу, сондай-ақ, жастардың дін мен дәстүрге дұрыс көзқарасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылуда.

Бұл жолы тікелей эфирге Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті университетінің бакалавры Фариза Молдағалиева мен аталған университет түлегі, исламтанушы Жансая Бисембаева шықты. Олар қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіндегі діннің алатын орны мен кейінгі ғасырлардағы ақын-жазушылардың шығармалары жайында әңгіме өрбітті.

-Дін дегеніміз – өмір сүру жүйесі. Бұл жүйе адам өмірінің барлық саласын, оның ішінде дәстүрі, тарихы мен мәдениет қамтиды. Тарихқа үйілер болсақ ата-бабаларымыздың сонау замандағы өмірі діни шариғатқа сәйкес екенін көре аламыз. Қазақ халқының ақын-жырауларының поэзиялдық шығармаларында көптеп кездесетін мәселе, ол ең бірінші иман және ихсан мәселелері. ХХ ғасырға дейін Шал ақын, Бұқар жырау, Қабан жырау сынды ақындар толғауларында исламды көптеп келтірген. Мәселен Бұқар жырау «Бес тілек» атты жырында «Бірінші тілек тілеңіз, Бір Аллаға жазбасқа» деген шумағында дұға мен амал ету мәселелері сөз болған. XII-XIII ғасырларда Мөңке би мен Майқы бидің айтқан өсиеттерінде де діни мәселелер көтерілген. XIV-XX ғасырлардағы қазақ әдебитінде де діни сарындарды байқай аламыз. Бұл қазақ халқының ислам дінін ежелден дәріптеп, ұстанып келегенінің тағы бір дәлелі,- деді исламтанушы Жансая Бисембаева.

Бұдан бөлек эфир барысында жастар тарабынан қойылған сұрақтарға да жауап берілді.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы