28.04.2021, 18:26
Қараулар: 37
«World skills Kazakhstan — 2021» сайысы өтті

«World skills Kazakhstan — 2021» сайысы өтті

Бәйтерек ауданында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өтетін «World skills Kazakhstan» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының алғашқы яғни кезеңі аяқталды.

Алдымен «Кондитер» мамандығында оқитын студенттер, кейін «Газэлектрдәнекерлеуші» мамандығында оқып жатқандан ал одан соң «Аспаз» мамандығын алып жатқан шәкірттер өз шеберліктерін көрсетті. байқау тек санитарлық шаралардың ғана емес, барлық қауіпсіздік техникасының сақталуымен өткізілді.

Қорытындысында «Кондитер» мамандары арасында Переметный колледжінің студенті Рита Джафарова мен Рубежка ауылындағы колледж студенті Елена Анюточкина І орын иеленсе, тағы бір рубежиндік студент Вероника Авекян ең ең ұпай жинап, гран при иегері атанды. «Аспаз» мамандығында оқитын студенттер арасындығы жарысқа келсек, ол жерде І орын рубежиндік Мария Жилковаға бұйырды. Ал «Газэлектрдәнекерлеуші» мамандарының байқауында Переметный колледжінің студенті Кирилл Чурусов I орын орын иеленді.

Енді жеңімпаздар байқауды облыстық кезеңінде бақ сынайтын болады

Меңдігүл ДӘУЛЕТКАЛИЕВА,

Бәйтерек колледжінің әдіскері