25.03.2021, 14:48
Қараулар: 42
Бос жұмыс орындар жәрменкесі өтті

Бос жұмыс орындар жәрменкесі өтті

Жуырда Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрменкесі оздырылды.

«Жастарға жұмыс» атты шара «Zoom» платформасындағы арнайы конференция мен @baiterekzhastarylife инстаграм парақшасында тікелей эфирде өтті. Оған арнайы қонақ ретінде жұмыспен қамту орталығының бас маманы Жанар Нигметова мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Әсел Карткужакова қатысты. Қонақтар конференция мен тікелей эфирге кіргендерді «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары бойынша толық ақпараттандырып, жастарды қызытырған сұрақтарына жауап берді.

-Аталмыш жәрменке жастардың жұмыс табу мүмкіндіктерін кеңейту, екі қолға бір күрек таппай жүргендерді жұмысқа орналастыру, оларды мемлекеттік бадарламалар, халықаралық және мемлекеттік білім беру бағдарламалары туралы ақпараттандыру. Сонымен қатар бұл жәрменкеде әр жастың өзіне лайықты жұмыс табуы мен кәсіп ашу, жеке қабілеттерін дамыту мүмкіндіктеріне ие болы жайы да талқыланды,-дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Жанар Губашева.

«Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» жобалары шеңберінде ақпаратты жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының @baiterekzhastarylife ресми парақшасынан табуға болады.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар