9.08.2021, 15:27
Қараулар: 53
Бәйтеректен — Маңғыстауға

Бәйтеректен — Маңғыстауға

Арал бойы мен Маңғыстауды жайлаған жұт барша қазақты түңілтті. Ақ адал малынан айырылып, ойбайлаған ағайынның жан айқайына ел қарап отыра алмады. Нәубетті ел болып біріксек қана жеңе алатынымызды түсінген ағайын қиын жағдайға душар болған туғанын далада қалдырмады. Осы күні қазақ елінің әр аймағынан Маңғыстау мен Аралға көмек жетуде.

Бәйтерек ауданының шаруалары да қарап қалмады. Қай істе болса да алда жүретін жомарт жігіттер жұт болған аймақтағы ағайынға деп жем-шөп жөнелтуде.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен түскен мәлімет бойынша, қазіргі таңда «Агро Сервис батыс» ЖШС малы қырылған Маңғыстау жаққа 24 тонна бидай жіберсе, «Эльдар» шаруа қожалығы 25 тонна кебек, «Авангард» ЖШС 12 тонна судан шөбін жіберген.

Бөлім мамандары ауданнан жұт жайлаған аймаққа жіберілетін көмектің аз ғана бөлігі екенін айтты. Алдағы уақытта ауданның барлық ауылшаруашылық құрылымдары бірігіп, тағы біраз жем-шөп жіберілмекші.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар