23.12.2021, 15:02
Қараулар: 42
Дарияндағы қоныстой

Дарияндағы қоныстой

Тәуелсіздік мерекесі күні Бәйтерек ауданы Дариян ауылында 24 пәтер ел игілігіне берлді. Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген екі қабатты екі үй құрылысы мамыр айында басталып, ұлы мереке қарсаңында пайдалануға берілді.

Қоныс тойын тойлаған тұрғындар қуанышын елмен бірге аудан әкімі Марат Тоқжанов бөлісті.

-Тәуелсіздік алған күннен бастап қандай қиындық болса да ел үкіметі азаматтардың барлық санатын лайықты жағдаймен қамтамасыз ету жайына үлкен көңіл бөліп келді. Аудан басшылығы халықтың өмір сапасын арттыруға айырықша мән береді. Халықты тұрғын үймен қамту мәселесі қазір жақсы жолға қойылған істердің бірі. Баршаңызды ұлық мереке тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Жыл сайын ауданымызда түрлі заманауи нысандар бой көтеріп, ел іші көріктене түсуде. Тұғындарға қажетті жағдай жасау қашан да басты міндеттеріміздің бірі болып қалады. Барша отбасыларды бүгінгі қуанышты күұнмен шын жүректен құттықтаймын. Халықтың игілігі үшін жасалып жатқан әр іс жалғасын табады. Әрқашан шаңырақтарыңыздан сәбидің күлкісі, мейірім шуағы кетпесін. Егемен еліміз өркендей берсін,-деді аудан басшысы Марат Тоқжанов өз құттықтауында.

 

Сонымен қатар әр үй иесіне пәтер кілтін табыс еткен Марат Лұқпанұлы келер жылы ауданға қарасты Үлкен Шаған, Достық, Трекин, Переметный, Махамбет және Дариян ауылдарында осы тектес үйлер бой көтеретіні айтты.

Одан соң ауыл тұрғындары атынан сөз алған Асылбек қажы Сұлтанғалиев отандастарын баспанамен қамтуға атсалысқан аудан басшылығына ақ батасын беріп, ел амандығын тіледі.

Салтанатты жиыннан соң жаңа пәтер иелерінің үйіне кіріп, тұрғындармен жақынырақ танысқан Марат Лұқпанұлы көпбалалы Серікқали Аманғарин мен Қанзира Сапарованың отбасына облыс әкімі Ғали Есқалиевтің атынан жаңа теледидар тарту етті.

-Көп жылдан бері пәтер жалдап келеміз. Жаңа үй алғанымызға қуаныштымыз. Оның үстіне егемендік мерекесінің 30 жылдығында өз баспанамызға қолымыз жетіп жатыр. Біз сияқты көпбалалы отбасы үшін бұл үлкен қолдау,-дейді жаңа пәтердің кілтін алған Қанзира Сапарова.

Жаңа пәтерлер көп балалы, мүкіндігі шектеулі азаматтарға, жалғызбасты аналар мен пәтер кезегінде тұрған отбасыларға берілді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz