1.04.2021, 9:51
Қараулар: 35
Елбасы медалін иеленді

Елбасы медалін иеленді

Еліміздің барлық аймақтарынан дарынды ұл-қыздарды іздеу, олардың бойында жауапкершілік, қайсарлық, жігерлілік сынды қасиеттерді тәрбиелеу мақсатында қолға алынған «Елбасы медалі» жобасына қатысушылар марапатталуда. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «El Umiti» бастамасы аясында әзірленген жобаға 14 пен 29 жас аралығындағы кез- келген жас қатыса алады.

Жобаға қатысушы жастар спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі, волонтерлық сияқты жеті бағыт бойынша қабілеттерін жетілдірулері керек болды. Челлендж форматындағы бағдарлама Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлері бойынша оздырылды. «Алтын» деңгейдің ұзақтығы 18 айға дейін және ол 16 жастан асқан жастарға арналды. «Күміс» деңгейдің ұзақтығы – 12 ай созылып, жас шектеуі 15 жастан жоғары болса, «Қола» деңгейі 6 айға жалғасты. оған 14 жастан жоғары қатысушылар қатысуға мүмкіндік алды.

Бүгінде аталмыш жобада өз бақтарын сынаған бәйтеректік жастарға «Елбасы медалдары келді. Осыдан біраз күн бұрын дариян мектебінің 11 сынып оқушысы Ранида Қойлыбаева «Елбасы медалі» бағдарламасының қола деңгейіне қол жеткізген болса, күні кеше жас волонтер переметныйлық Сәкен Тойлыбаев та өз медалін иеленді.

АТ ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар