29.12.2021, 9:39
Қараулар: 25
Зейнет жасына шығуымен құттықтады

Зейнет жасына шығуымен құттықтады

Бәйтерек ауданының әкімдігінде көп жылдар мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек еткен 20 жылдан астам уақыт Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі, Трекин ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметінде болған Дәулет Убаевты құрметті зейнет демалысына шығарып салу жиыны өтті.

 

Ғұмырының көп бөлігін мелекеттік қызметке арнаған азамат құрметіне арналған шараға аудан әкімі Марат Тоқжанов, аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов, Егіндібұлақ, Трекин ауылдарының әкімдері мен мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлі қатысты.

Аудан әкімі Марат Тоқжанов өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосқан Дәулет Хайдарұлы зейнет жасына шығуымен құттықтап, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының жаңа төрағасы Мирболат Жақыповтың «Құрмет грамотасын» және аудан әкімінің «Алғыс» хатын табыстап, иығына қазақы үрдіспен шапан жапты.

Мұнан соң құттықтау сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Игнат Андреевич пен мемлекеттік қызмет саласының ардагері Виктор Железнов әріптесі және досы Дәулет Хайдарұлының ауданның әлеуметтік-экономикалық саласына еңбегі сіңгенін айтып, ыстық лебіздерін білдірді.

Шара соңында Дәулет Убаев аудан әкіміне және әріптестеріне зор алғыс білдіріп, ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар