9.07.2021, 9:31
Қараулар: 11
Көпір жөнделгенше айналмамен жүреміз

Көпір жөнделгенше айналмамен жүреміз

Переметный-Вечный күре жолы Переметный ауылы тұсындағы Деркөл өзеніне салынған көпірдің жаяу өткел қалқаны құлады. Зардап шеккендер жоқ.

1970 жылдары салынған көпірді толықтай техникалық тексеруден өткізу қажет. Барлық жауапты құрылымдар қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдауда. Өзеннің арғы бетіндегі Железнов, Шалғай, Зеленый, Егіндібұлақ округтерінің тұрғындары келеңсіздік жойылғанша Зеленый ауылы тұсындағы көпір арқылы қатынайды.

Қазіргі таңда жауапты мамандар жұмыстарын бастады. Оқиға орнына жеткен облыстық жолдар басқармасының бөлім басшысы Рустам Мукатовтың айтуынша, көпір ең аз дегенде бір аптаға жабық болады екен. Қаладан келетін инженерлер арнайы тексеріс жүргізбекші. Сондай-ақ көпірдің құлаған бөлігі қалыпқа келтіріледі.

Арал БОЛПЫШҰЛЫ,

Бәйтерек ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар