28.04.2021, 18:13
Қараулар: 51
Мария мен София кезекті белесін бағындырды

Мария мен София кезекті белесін бағындырды

Қызылорда қаласында «Жұлдызды қадам» халықаралық онлайн байқауы өткізілген болатын. Жас актерлардың шеберлігін шыңдау мақсатындағы өнер додасына Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Ұалағат» театрының жас өнерпаздары Мария Погосова мен София Бялт қатысты.

Театр жанрында өнер көрсеткен дарияндық қыздар байқау қорытындысында жүлделі І орын иеленді. Енді олар байқаудың Түркия және Қырғызстан республикасының Бішкек пен Ыстықкөл қалаларында өтетін кезеңдеріне бақ сынайтын болады.

-Байқау жақсы деңгейде ұйымдастырылған. Қашықтан өтті демесеңіз іріктеу өте қатаң болды. Шәкірттерімнің жеңісіне қуаныштымын. Енді аранти шектеулірі алынса, Түркия мен Қырғыз елі көрерменін қуантып келмек ойдамыз,-дейді өнерпаздардың жетекшісі Асылай Көпжанова.

Жатсарды өнерге баулып, жүрген Асылай ханым да байқау ұйымдастырушы Ләззат Оңалбайдың атынан алғыс хатпен марапатталды.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар