11.02.2021, 10:35
Қараулар: 155
Мәдениет саласында тың идея көп

Мәдениет саласында тың идея көп

Наурыз айынан бастап елдегі жағдайға байланысты барлық мәдениет ошақтарында жана форматтағы жұмыс тәртібіне көшкені белгілі. Соған қарамастан, аудан өнерпаздары Faсebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы халыққа қызықты концерттер ұсына алды.

Жылдың басты атаулы даталары – Ұлы ұстаз Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 50-ге жуық шара ұйымдастырылып, ғылыми-танымдық пікір алмасулар оздырылды.

 Ұлы ақынның мерейтойы аясында «Шың» жастар театры ақын-драматург Иран Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» реквиемінен үзінді сахналады. Аудандық мәдениет үйінің бас режиссері Әліби Жанабіловтің Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Қанмен жазылған хат» фильм-концерті облыс халқының ықыласына бөленді. Әр апта сайын аудан өнерпаздары тікелей эфирде «Бәйтерек әуен LIVE» онлайн концертін ұсынып отырған.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар