11.08.2021, 10:12
Қараулар: 52
Орман жолағындағы өрт

Орман жолағындағы өрт

Бәйтерек ауданы Дариян ауылы маңындағы орман жолағы өртке оранды. Январцев орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне тиесілі орман алабындағы өрт 14,5 гектар аймақты алды.

Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, аға лейтенант Жанболат Жасталаповтың айтуынша, тілсіз жау 10 гектардағы құрғақ шөпті, Дарьинск орманшылық шаруашылығына тиесілі 4,5 орман алабын, сондай-ақ 24 жарық бағанасын жалмаған.

Абырой болғанда өрт соңы қайғылы оқиғаға соқтырмады. Десе де орман шаруашылығына айтарлықтай нұқсан келіпті.

-Түс ауа батсалған отты сөндіруге 13 ерікті өрт сөндірушілер тобы,10 орман шаруашылығы қызметкерлері және Дариян ауылындағы № 22, Орал қаласындағы №2 өрт сөндіру бекетінің мамандары «Батыс Су –Арнасы» және дариян электр торабының қызметкерлері қатысты. жалпы алаумен арпалысуға 19 бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда тілсіз жау толығымен құрықталды,-дейді Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері,аға лейтенант Жанболат Жасталапов.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар