11.08.2021, 10:11
Қараулар: 60
Партиялық бақылау жалғасуда

Партиялық бақылау жалғасуда

Жуырда «Nur Otan» партиясы партиялық бақылау мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, жастар , БАҚ өкілдері тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өкілдерінен құралған арнайы жұмыс топ Бәйтерек ауданы Калинин ауылындағы «Мұнайшы» шағын ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында әлеуметтік осал топтарға пайдалануға берілген үйлердің тұрғындарымен кездесіп, тұрғын үйге қатысты өзекті мәселелерін тыңдап, сұхбаттасты.

Кездесу барысында бақылаушылар тұрғындардың уәждерін тыңдап, нендей мәселелер алаңдататынын білді. Нақты шағымдар мен олқылықтар туындаған жағдайда жауапты мердігерге қалпына келтіру жөнінде ұсыныс берілетіндігін тұрғындарға жеткізілді. Аталған мәселе партия бақылауында болады.

М.Николаев,

Бәйтерек ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар