31.12.2021, 10:01
Қараулар: 26
Төрлет, Жаңа жыл

Төрлет, Жаңа жыл

Аудандық мәдениет үйінде «Төрлет, Жаңа жыл!» атты мерекелік концерт өтті.

Жыл бойы іске асырылға жұмыстарды қорытындылап, өз саласына аянбай еңбек жандарға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған кешке аудандағы жұмыстардан сырт қалмайтын жандар тегіс жиналды.

Кеште құттықтау сөз сөйлеген Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов, жиналғандарды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өтіп бара жатқан жылда атқарылған жұмыстарға көз жүгіртіп, аудан дамуына зор үлесін қосып жүрген жандарға алғысын білдірді.

-Құрметті де қадірлі жерлестер, баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Уақыт кернеуіне бөгет жоқ дегендей, тағы бір жыл тарих қойнауына енуде. 2021 жыл ауданымыз үшін жеңісті әрі жемісті жыл болды. Ауданымызда атқарылып жатқан істерге сүбелі еңбек етіп жүрген әр жанға ризашылығымды білдіремін. Жаңа жыл жаңа табыс, елге береке алып келсін, -деді аудан басшысы Марат Лұқпанұлы.

Кейін аудандық «Ауыл тынысы» газетінің жауапты хатшысы Николай Берендяевқа БҚО әкімі мен БҚО мәслихатының  «Құрмет» грамотасы мен ҚР президентінің жарлығы бойынша шыққан «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі табысталды.

Артынша, «Қызмет» мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Төрағасы Мирболат Жақыповтың «Құрмет» грамотасымен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр және бір топ белсенді  азаматтар мен азаматшалар аталмыш ұйым алғыс хатымен марапатталды.

 

Сондай-ақ БҚО жастар саясаты мәселелері басқарма басшысы Дулат Имашевтің атынан келген алғыс хаттар  аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Жанар Губашеваға және аудандық мәслихат депутаты Ұлданай Сейткалиеваға табысталды.

 

Мерекелік кеш соңы аудан өнерпаздары ұсынған мерекелік концертпен жалғасты.

Назерке Сыйлыбаева 

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар