2.09.2021, 16:18
Қараулар: 33
1013 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады

1013 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады

Бір жылдан соң еліміздегі барлық мектепте бірінші қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы басталды. Оқушылар да ата-аналар да дәстүрлі форматта оқуға кірісетіне қуанышты.

2021-2022 оқу жылында Бәйтерек 47 мектебі оқушыларнп есігін ашты. Енді сабақтар санитарлық талаптарды қатаң сақталуымен оздырылады.

-Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда 33, 2-11 сыныптарда 34 оқу аптасына созылады. Аудандағы 47 мектептің 46-ы күндізгі болса, біреуі Дариян кешкі мектебі. 2021 жылы бірінші сыныпқа 1013 келді. Олардың 504 оқушы қазақша, 509 оқушы орысша білім алмақ. Былтыр ауданда бірнеше мектепке күрделі жөндеуден өтті. Барлық мектептерде санитарлық талаптар қатаң сақталған, — дейді аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлжан Рамазанова.

Білім бөлімінің берген мәліметі бойынша, биыл аудан мектептерінде барлығы 9155 бала білім алады екен.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар