19.02.2021, 14:41
Қараулар: 109
Аделяның бас жүлдесі

Аделяның бас жүлдесі

Жуырда оқушылар мен жасөспірімдер арасында «Ақпанда туған алыптар» онлайн өнер байқауының облыстық кезеңі өтті.

Ұлттық өнерді, қолөнерді дамытуды мақсат еткен бұл сайысқа дарияндық Аделя Мұхамбетова да қатысты.

«Көркем еңбек» номинациясында бақ сынаған балдырған еңбегі үздік деп танылып, Аделя байқаудың бас жүлдесін иеленді. Бойынша

Енді ол өнер додасының Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңінде өнер көрсетпек.

Аделя ұстазы Эльвира Мұхамбетова ұйымдастырушылар тарапынан берілген бағалы сыйлықтарға ие болды.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы