29.01.2021, 18:09
Қараулар: 146
Алуан түрлі бояудың сиқыры

Алуан түрлі бояудың сиқыры

Бәйтерек ауданы орталығындағы Достық үйінде өңір суретшілеріне қолдау білдіру және жас ұрпаққа бейнелеу өнерін насихаттау мақсатында «Алуан түрлі бояудың сиқыры» атты суретшілер көрмесі оздырылды.

Аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен өткен көрмеге Дариян, Трекин, Достық, Үлкен Шаған, Белес, Чувашин, Мичурин, Зеленый, Переметный ауылдық округтерінің суретшілерінің жұмыстары қойылды.

Көрме залына келген жандарға Ан София, Анат Таипов, Валентина Хасимова, Дания Курманова, Анна Россейкина, Серік Сақыпқалиев, Маржан Мурзагалиева, Абат Альмуханов, Игорь Зачухин сынды жергіңлікті суретшілердің көз тартар жұмыстары ұсынылды.

Көрмеге қатысушылар жас суретшілердің туындыларына оң бағасын білдірді. Қатысушы өнерпаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Болашақта бұл көрме оффлайн форматында да өтпек.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы