23.08.2021, 10:39
Қараулар: 53
Ақтөбен бас жүлдемен оралды

Ақтөбен бас жүлдемен оралды

Ақтөбе қаласындағы «Жұбановтар әлемі» мәдениет және өнер орталығы тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай республикалық сәндік-қолданбалы өнер конкурсын ұйымдастырды.

Еліміздің әр аймағынан келген қолөнер шеберлінің байқауына дарияндық Полина Кириллина қатысты. Ол республикалық конкурсқа «Тұмар» жұмысын ұсынды. Полинаның қолдан жасалған туындысына лайықты бағасын берген конкурс ұйымдастырушылары оған бас жүлде табыс етті.

Сондай-ақ Полинаны аталмыш конкурсқа дайындаған Дариян ауылындағы мәдениет үйі жанынан құрылған «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесінің жетекшісі Эльвира Мұхамбетоваға жас ұрпақты өнерге баулып, шығармашылық деңгейін дамытып, кәсіби шеберлігі мен өз ісіне адалдығын көрсеткені үшін «Үздік ұстаз» дипломы табысталды.

Арал Болпышұлы

Бәйтерек ауданы