21.04.2021, 15:13
Қараулар: 27
Балалардың шеберлігін танытатын көрме

Балалардың шеберлігін танытатын көрме

Жас балалардың дүниетанымының бай болулына ойыншық жақсы әсер ететіні белгілі. Ойыншық арқылы бала сезімдерін білдіріп, қоршаған ортада болып жатқан нәрселерден хабардар болады.

Жақында осы мақсатта Дариян мектеп – гимназия – интернатының тәлімгері Айдана Асхатқызы мектепалды даярлық тобы және 1-7 сынып оқушылары арасында «Мен жасаған ойыншық» атты көрме ұйымдастырды.

Бала қиялы мен шеберліг ұштасқан көрмеге ата – аналар да қатысып, оқушылардың өз қолымен жасаған бұйымдарын тамашалады.

Бүлдіршіндердің қолынан шыққан бұйымдарды қызыға тамашалаған ата-аналар балаларды өнерге баулып жүрген ұстаздарға ризашылықтарын білдіріп, осындай шаралар жиі ұйымдастырылса деген тілектерін жеткізді.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы