7.07.2021, 9:50
Қараулар: 85
Балаларға көңіл-күй сыйлады

Балаларға көңіл-күй сыйлады

Жуырда аудан «Жеңіс» кинотеатры мен аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен ауыл бүлдіршіндеріне арналған «МультШоу» викторинасы оздырылды.

Қызықты шара аясында балаларға тегін мультфильм көрсетіліп, шығармашылық сайыстар ұйымдастырылды. Үздік өнер көрсетіп, өзінің біліктілігін танытқан бүлдіршіндер сыйлықтарға ие болды.

-Шарамызды ауыл балаларның есінен кетпестей етіп, көңілді өткізуге бар күшімізді салдық. Ондағы мақсатымыз ауыл бүлдіршіндерінің жазғы демалысын тиімді өткізіп, тынығуына септігімізді тигізу. Сондай-ақ демалыс маусымында көңіл көтеріп, жаңа достар табуға мүмкіндік сыйлауды да жөн көрдік. Алдағы уақытта басқа форматтағы түрлі көңіл көтеретін фестивальдар өткізу жоспарлануда, — дейді мәдени шараны ұйымдастырушы Анна Гумарова.

Бұдан бөлек бүлдіршіндерге арналған сергіту «Мой любимый мультгерой» атты сурет байқауы да өтті. Оның жеңімпаздарына да сыйлықтар табыс етілді.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы