16.08.2021, 16:32
Қараулар: 49
Белесенді жастар марапатталды

Белесенді жастар марапатталды

Жастар – қай кезде де асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Жас буын мемлекеттің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына, «Мәңгілік ел» болуына жол сілтейді.

Халықаралық «Жастар күні» мерекесі Бәйтерек ауданында ерекше аталып өтті. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресуртық орталығы мен «ЖасДем» қоғамдық бірлестігі «Олимп» стадионында мерекелік кешке ұйымдастырды. Оған әр округтен келген белсенді жастар мен ауыл тұрғындары қатысты.

-Келешегіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға тікелей байланыс¬ты. Елдің қуаты мен қозғаушы күші де – жастар. Жастардың еркін ойы, жалын жігері, батыл бастамалары мемлекетіміз үшін аса қажет. Ертеңгі елдің тірегі, болашақтың бастауы, еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Ал, бәсекеге қабілетті болу үшін өскелең ұрпақ ұлылардың ұлағатты өмір жолынан үлгі алып, келешекке кедергісіз жету мақсатында аянбай еңбек ете білу керек. Өйткені, ел болашағы жастарымыздың білімдері мен күш-жігеріне, патриоттық сезімдеріне тікелей байланысты. Бүгінгі таңда жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен қолдаулар мүмкіндіктерді толық жүзеге асыру үшін жасалып отыр. Білім дағдылары мен тәжірибесі мол жастар елдің экономикасын өзгерте алады.

Алдағы уақытта да жастарымыз білім мен біліктілігін тәуелсіз еліміздің өркендеуіне арнап, жастар саясатын мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асыруға қоса беретіне сенімдемін,-деді жиналғандарды жастар мерекесімен құттықтаған «ЖасДем» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Талғат Мәуленов.

Кейін спорт, білім, мәдениет, құқық қорғау және басқа да салаларда еңбек етіп жүрген ауданның белсенді жастары аудан әкімі Марат Тоқжановтың және облыстық жастар саясаты басқармасы басшысының мәіндетін атқарушы Нұрхат Ораштың алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты жиын соңы ашық аспан астындағы фильмге ұласты.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы