18.03.2021, 10:45
Қараулар: 61
Дәстүрін ұмытпаған ел озады

Дәстүрін ұмытпаған ел озады

Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен оздырылған «Дәстүр және ғұрып» онлайн жобасы мәреге жетті.

Көнеріп, қолданыс аясы тарылған дәстүр мен ғұрыпты жаңғыртып, ұмыт болғанын жаңарту және тәрбиелік, адамгершілік құндылығы жоғары салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру мақсатында оздырылған жоба Бәйтерек ауданының мәдени-демалыс орталығы да қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтсақ «Аталар батасы» бағыты бойынша переметныйлық Сатым Төлегенов бірінші орын, «Қазыналы әже» бағытында бақ сынаған Мичурин ауылының тұрғыны Мария Рахимова екінші орын иеленсе, «Өнегелі келін» бағытында тағы бір мичури ндік Қатира Тұрақбаева екінші орынға табан тіреді. Осылайша, бәйтеректік ағайын да өз дәстүрін ұмытпағандығын көрсете алды.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы