25.03.2021, 9:31
Қараулар: 37
Жүректерге қуаныш сыйлаған айтыс

Жүректерге қуаныш сыйлаған айтыс

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы мен Наурыз мерекесіне орай Дариян ауылдық мәдениет үйі мен Шыңғырлау аудандық тарихи-өлкетану мұражайы онлайн айтыс ұйымдастырды.

Сахна төріне Шыңғырлау аудандық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Қаршыға Асу мен Дариян ауылдық мәдениет үйінің режиссері Асылай Көпжанова шықты. Көсіле шауып, келістіре жыр төккен қол дүлдүл өздерән өнер әлеміне қосқан Шыңғырлау топырағы мен Дариян ауылының көркін жырға қосты.

Ерекше форматта өткен ақындар айтысы көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлап, кеш шырайын келтірді. Айтыс көрермені екі аудан арасындағы достықты жырға қосқан ақындарға ризашылығын білдіріп жатты.

Кеште ақындар адамға үлкен ой салар, туған елге, ауылға деген махаббат пен сағыныштың отын маздатып, ауылдың тірлігін көз алдыңа әкелетін өлеңдерімен, өздеріне ғана жарасқан жылы әзілдерімен де көпшілікті баурап алды. Айтысты тамашалаған көрермен осындай жаңашыл бастамалардың жалғасуын тіледі.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы