29.07.2021, 10:02
Қараулар: 92
Кітап керуені жалғасуда

Кітап керуені жалғасуда

Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, аудандық және орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» атты рухани – мәдени акциясы аясындағы «Зердеңді ашар 30 кітап» атты библиокеруен жалғасуда.

Бұл жолы кітапханашылар Переметное – Орал бағытында жүретін көліке отырып, жолаушылар мен аудан тұрғындарына танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма жанрындағы 30 үздік шығармаларын насихаттап, ақпараттық – үнпарақтар таратты. Сонымен қатар қызығушылық танытқан жанның сұраған авторы немесе оқулығы туралы түсінік беріп, көпшілікті кітап оқуға шақырды.

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандардың қызығушылығын оятты. Осы акция арқылы біз жерлестерімізді отандық авторлармен жақынырақ танысуға шақырамыз. Сондай-ақ ата-дәстүрін құрметтеу, рух, жан тазалығы сияқты қасиеттерді дәріптеп, азаматтарды отансүйгіштікке тәрбиелегіміз келеді,-дейді акция ұйымдастырушылары.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы