10.08.2021, 10:08
Қараулар: 78
Көрермен ескі әндермен қауышпақ

Көрермен ескі әндермен қауышпақ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бәйтерек ауданында бірқатар іс-шара ұйымдастырылуда. Солардың бірі аудандық «Сағындырған әндер-ай» онлайн фестивалі. Ұйымдастырушылардың сөзінше, кешегі күндерді көңілде қайта оятып, ескі әндермен жанымызды тербеткен ретро фестивал тамыз-қазан айлары аралығында оздырылмақ екен. лайв фестиваль барысында халық арасында кеңінен таралған, өз уақытының әсем сазы болған әндер көрермендермен қайта қауышпақ.

Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қолға алынған фестивальға 22 ауылдық округтің көркемөнерпаздары қатысатын болады. Елде қалыптасқан жағдайға байланысты онлайн форматта өтетін байқаудың шарты біреу-ақ. Ол: ескі әндерді орындап, бейнебаянды аудандық мәдениет үйіне жолдау. Қазан айында барлық қатысушылардың өнерін елге танымал сахна шеберлері төреліктен өткізіп, әділ бағалайтын болады.

-Бұрынғы әндерді бүгінмен салыстыру келмейді. Қазіргі таңда ретро әндер жоғары сұранысқа ие. Мұндай шаралардың аға буын өкілдерін жастық шағына сапар шектіріп, өскелең ұрпаққа төл мәдениетімізді жадынан шығармауына зор септігін тигізеріне күмән жоқ. Сол себепті фестивальдің бірден-бір мақсаты ескі әндерді насихаттап, оларға жаңа дем беру. Ән мәдениетін дамытып, жастарға мағынасы терең әндерді үгіттеу болып табылады, — дейді мәдени ұйымдастырушы Майра Жаметова.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы