16.04.2021, 9:34
Қараулар: 28
Мақсат пен Мәдинаның бас жүлдесі

Мақсат пен Мәдинаның бас жүлдесі

Алматы қаласындағы «Талантты жастар» продюсерлік орталықтың ұйымдастырумен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және «Хош келдің,көктем!» атты республикалық өнер – білім байқауы оздырылды.


Аталмыш сайысқа Дариян ауылдық мәдениет үйі жанынан ашылған «Ұлағат» театрының жас әртістері де қатысып, тамаша нәтижеге қол жеткізді.

Байқаудың «Жас ақын» номинациясында бақ сынған Мақсат Базарбаев пен «Көркем сөз» аталымында өнер көрсеткен Мәдина Ибрагим бас жүлде иеленді. Сонымен қатар «Әзіл – сықақ» номинациясында бақ сынаған Мария Погосова мен София Бялт бірінші орын жеңімпазы атанды.

Жемпаздар мен бас жүлде иегерлерін байқау ұйымдастырушылары мақтау қағаз және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Республикалық байқауға шәкірттерін дайындап, рухани жағынан мықты болуына ықпал етіп, ішкі мәдениеті мен білімін шыңдауға және жастардың толыққанды дамуына бағыт беріп қоймай, оларды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеп жүрген  ұстаз, үйірме жетекшісі Асылай Көпжанова да ұйымдастырушылар тарапынан берілетін сертификатқа ие болды.

Гүлжан  Аязбаева