20.05.2021, 14:51
Қараулар: 103
Мұражайдағы басқосу

Мұражайдағы басқосу

Жуырда Дариян ауылындағы М.Шолохов меморальдық мұражайында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен ауылдық кітапхана қызметкерлері «Мен тәуелсіздік құрдасымын» атты кездесу кешін өткізді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға Әділхан Қадыров, Абай атындағы мектеп – гимназия – интернатының логопеді Жазира Қалиева және ауыл жастары қатысты.

Жастар көшбасшысы Мәрзия Қонысбаева ашып жүргізген шара қызықты өтті. Отыз жылда жетен жетістігіміз туралы сөз болған басқосуда 1991 жылы дүние келген Әділхан мен Жазира тәуелсіздік құрдасы болу ерекше жауапкершілік жүктейтіндігін атап өтті. Сондай-ақ жастарды тәуелсіздігіміздің маңыздылығы мен қадірін жете түсінуге шақырды.

-Әр жас ел дамуы үшін бар күш –қайратын жұмсауы тиіс. Қазақстанның болашағы жастар сондықтан ортақ отанымыздың гүлденуіне әрқайсымыз үлес қосуымыз керек,-деді кездесу соңында М.Қонысбаева.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы