23.04.2021, 15:32
Қараулар: 31
«НұрАй» бишілері жеңіс тұғырында

«НұрАй» бишілері жеңіс тұғырында

Жас бишілердің хореографиялық шеберліктерін дамыту, шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдау және балалардың бойына мәдени құндылықтарды сіңіру мақсатында ұйымдастырылатын «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауы мәресіне жетті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған дәстүрлі бишілер жарысы ел мәдениеті саласындағы айтулы шаралардың бірі болып саналады.

Елдегі жағдайға байланысты онлайн форматта өткізілген байқауға Бәйтерек ауданы, Көшім ауылдық округінің үлгілі «НұрАй» би ансамблі қатысты. Би ұжымының жетекшісі, белгілі хореограф Гүлмира Алканованың айтуынша, би байқауына іріктеу қиын болыпты. Еліміздің ең үздік бишілері қатысатын жарыс болған соң фестивалдің елішілік кезеңінде бақ сынайтын би ансамблдер қатаң тексерістен өткен.

-Облыстық кезеңде бас жүлде иелендік. Одан соң құжаттарымыз бен биіміздің бейнеролигі республикалық кезеңіге жолданды. Бір ай бойы видеомыздың монтажсыж болуы мен құжаттарымыздың дұрыстығы тексерілді. Десе де ұйымдастыру жағы жоғары деңгейде болды,-дейді «НұрАй» би ансамблінің жетекшісі Гүлмира Алканова.

Еліміздің барлық аймағынан іріктелген үздік 16 би ұжымы бақ сынаған жарыстың финалдық кезеңіне тек тоғыз ансамбль өткен.

-Фестиваль ережесіне сай әр би ұжымы бір ұлттық және бір заманауи би дайындауы керек болды. Қатаң іріктеуден соң біраз ансамбльдің бір биі финалдық кезеңге өтпей қалды. Тек павлодарлық бишілер мен біздің ансамблдің ролигі ғана дайындаған екі биімен де үздік тоғыздық қатарына енді,-дейді Г.Алканова.

Осылайша бір ай бойы қазылар алқасының қатаң тексерунде болған би фестивалінің қорытындысында «НұрАй» би ансамблінің «Ғасырлар тоғысы» биі қазақ биі аталымында екінші орынға лайық деп танылды. Сонымен қатар заманауи би аталымына ұсынған «Express» биі ерекше қойылым номинациясын иеленді.

Біраз жылдан бері аудан көрермнін үздік биімен қуантып жүрген «НұрАй» ансамблі бұл жетістікпен тоқтап қалмасы белгілі. Алдағы аптада олар «Биле, Ақжайық» атты конкурсқа дайындалуда. Сәттілік тілейміз.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы