25.03.2021, 9:43
Қараулар: 41
Онлайн «Домбыра party»

Онлайн «Домбыра party»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Наурыз мерекесіне орай Бәйтерек ауданында «Домбыра party» ұйымдастырылды.

Елде қалыптасқан жағдайға байланысты «Дала рухы» тақырыбымен оздырылған домбырашылар кеші онлайн форматта ұйымдастырылды.
Ұлт аспабын ұлықтап, көпшіліктің күй өнеріне деген қызығушылығын ояту мақсатындағы лайв кешке Аслан Ғизатов, Қуандық Жұмақаев, Мирас Шамашев және тағы да басқа күйшілер атсалысты. Аудан күйшілерінің өнерін фейсбук және инстаграм әлеуметтік желілерінен көруге болады.
Түгелбай Кенжеғалиұлы,
Бәйтерек ауданы