18.02.2021, 14:46
Қараулар: 103
Онлайн экскурсия өтті

Онлайн экскурсия өтті

Жуырда Бәйтерек аудандық жас туристер станциясы мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы Переметный ауылындағы «Туризм және экология» музейінде онлайн көрме ұйымдастырды.

Жастардың өлкеміздегі туризм және экология саласына деген қызығушылығын арттыру, қазіргі рекреациялық ресурстары, туристік игерулуі және даму перспективалары туралы кешенді түсінік беру мақсатында оздырылған лайв шараға қатысушылар көп болды.

«Туған өлке – біздің барлық бастамаларымыздың негізі» атты ұранмен оздырылған көрмеде ел туризмінің тарихы мен келешегі төңірегінде әңгіме өрбіп, туристтер музейіндегі экспонаттар таныстырылды. Мұражайдың негізін қалаушы тұлғалар аталып, еңбектері сөз болды.

-Ең алғаш туризм үйірмесі 1960 жылы Переметный орта мектебінде ұйымдастырылған. «Туризм және экология» музейі 2018 жылы 1 маусымда аудан тұрғындары мен үйірме қатысушыларына есігін айқара ашты. Негізінен музей «Ауданымыздағы балалар туризмін дамыту тарихы», «Экология және геология» атты екі бөлімнен құралады. Осы ретте музейден көптеген әсерлі коллекцияларды тамашалап, қызықты ақпарат алуға мүмкіндік бар. Онлайн экскурсияның жазбасын @baiterekzhastary, @turizmbaiterek инстаграм парақшаларынан көре аласыздар, — дейді музейге экскурсия ұйымдастырған жас маман Асхат Бекешов.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы