17.02.2021, 14:58
Қараулар: 93
Садовый жастары ерлеп тұр

Садовый жастары ерлеп тұр

Бәйтерек ауданында еріктілер қозғалысының қайырымдылық жұмыстары әлі де жалғасуда. Жуырда Макаров ауылдық округіне қарасты Садовое елді мекенінің еріктілері «Ардагердерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты зейнеткердің үйіне барып, көмек көрсетті. Жастар қариялар мен кейуаналардың үйі алдындағы қарын аршып, отын жарып берді.

-Садовое ауылының жастары бұл бастаманы былтыр көтерді. Олардың атқарған ісі де жетерлік. Тіпті аз қамтылған және көп балалы отбасыларға да қолдан көмегін көрсетіп тұрады. Түрлі мерекелерде де жақсылық жасаудан шет қалмайды. Жастар бұл бастамаларын аяқсыз қалдырмақ емес,-дейді округ әкімі Еркін Әбілкәкімов.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы