6.04.2021, 9:30
Қараулар: 45
«Скифы» ансамблі бірінші орын иеленді

«Скифы» ансамблі бірінші орын иеленді


Жуырда Бөкей Орда аудандық мәдени-демалыс орталығы әнші-сазгер, мәдениет саласының ардагері Хабиболла Әлесовтың 70 жылдық мерейтойына орай «Орда – туған мекенім» атты вокалды аспаптар ансамбльдері арасындағы облыстық қашықтық онлайн байқауын ұйымдастырды.

Вокалды аспаптар ансамбльдері арасында өткен сайысқа Бөрлі, Теректі, Казталовка, Шыңғырлау, Ақжайық аудандарының өнерпаздары бақ сынасты. Бұл байқауға бәйтерек ауданы атынан «Скифы» вокалды аспаптар ансамблі қатысты.

Сайысқа Қазақстан эстрадасының танымал тұлғасы, әлемдік байқаулардың жеңімпазы Марат Сарбөпеев, Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлімінің бас маманы Батырхан Ғалымжанұлы және облысымыздың өнер майталманы Ермек Базарбайұлы төрелік етті.

Қорытындысында «Скифы» ансамблі бірінші орын иеленіп, Бөкей Орда ауданының әкімінің дипломымен марапатталды.

Байқау Бөкей Ордасы ауданының Халықтық «Нарын» ұсынған гала концертімен қорытындыланды.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы