25.03.2021, 9:29
Қараулар: 31
Табақ тарту да өнер

Табақ тарту да өнер

Мичурин мектебінде қазақтың наурыз батасын беру, табақ тарту дәстүрін көрсету шарасы ұйымдастырылды.

Жас ұрпақ санасына ұлт дәстүрі мен салтын сіңіру, қазақы қонақжайлық пен дастархан әдебін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға мектеп оқушылары мен ауыл өнерпаздары, ұстаздар мен көпті көрген қариялар және кейуаналар қатысты.

Барлық санитариялық талаптың қатаң сақталуымен өткізілген мерекелік шара барысында
ән шырқалып, күй төгілді.

Түрлі ұлттық ойын ойналып, үздіктерге бағалы сыйлықтар берілді. Сонымен қатар «Бас табақ», «Сый табақ», «Орта табақ», «Аяқ табақ», «Күйеу табақ», «Келін табақ», «Қыздар табағы», «Құдағайлар табағы», «Жерік асының табағы», «Құрдас табақ», «Бала табақ», «Жеңге табақ», «Жезде табақ», «Жастар табағы», «Жай табақ» сынды табақ тартудың
түрлері айтылып, ол табақтарға қандай жілік, нендей ет салынатыны туралы түсінік берілді.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы