17.03.2021, 9:42
Қараулар: 53
Татар этно-мәдени бірлестігінің құттықтауы

Татар этно-мәдени бірлестігінің құттықтауы

Барша түркі халықтарына тән, тамыры тереңге бойлаған Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аудандық Достық үйі жанынан құралған «Шатлық» татар этно-мәдени бірлестігі ауыл ақсақалдарын келе жатырған мерекемен құттықтады.

Осы ретте, бірлестік мүшелері алдымен Переметный ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Николай Анципрович пен жұбайы Амина Габдулгалиевнаның шаңырағына барып көктемгі көңіл-күй сыйлап, шағын сыйлықтарын табыстады. Жүрек жарды тілектерін айтып, татар халқының ұлттық әндерін шырқады.

Өздеріне көрсетіліп жатырған бұндай құрметке риза болған ардагерлер алғыстарын айтып,барша елдегі береке-бірлік, татулық пен бейбітшіліктің мәңгі болсын деген тілектерін білдірді. Сондай-ақ «Шатлық» этно-мәдени бірлестігіне табыс тіледі.

-Түркі халықтарыүшін Наурыз мейрамы — көктем мен жаңаруды айшықтайтын мереке. Берекенің арқауы болған ұлы мейрамды пайдалана отырып ауданыздың сыйлы тұлғаларын құттықтай келдік. Амандық білісіп, ән шырқап, көңілдерін көтеруге тырыстық. Ақыл айтар аға буын өкілдері ортамызда аман отырса, соның өзі қуаныш. Жастарымыз олардың ақ баталарын алып жүре берсе екен дейміз. Наурыз мерекесі отанымызға бақ-береке, халқымызға игілік, мемлекетімізге молшылық ала келсін,-дейді бірлестік жетекшісі Екатерина Федорова.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы