27.08.2021, 12:44
Қараулар: 37
Шаршы тақта тартысы

Шаршы тақта тартысы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына және Конституция мерекесіне орай аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен №1 Бәйтерек аудандық пробация қызметі шахмат турнирін ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, жарыс өткізудеге басты мақсат пробация қызметінде есепте тұрған жандарды қоғамға бейімдеу екен. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырған шаршы тақта жарысына аудан волонтерлары да белсенді қатысты.

-Турнирге пробация қызметінде есепте тұрған 18-29 жас аралығындағы азаматтар қатысты. Қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Алдағы уақытта жастар тәрбиесіне үлес қосатын, мәдени шаралар мен спорттық турнирлер мен қоғамдық шаралар жалғасын таппақ, — дейді лейтенант Айнат Жамиев.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы