12.04.2021, 9:33
Қараулар: 31
Ғарыш-ғылымның даму жолы

Ғарыш-ғылымның даму жолы

Халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне орай Бәйтерек мәдени-ағарту және тынығу орталығының ұйымдастыруымен «Ғарыш-ғылымның даму жолы» кітап көрмесі оздырылды.

Ғарышкерлер мерекесіне орай аудандық кітапхана қорынан жасақталған көрме онлайн режимде өтуде. Ол жерде оқырман назарына ғарыш кеңістігі мен космонавттар туралы материалдар мен қызықтық деректер көрермен назарына ұсынылған.

-Көрмеге космос әлеміне алғаш рет жол салған космонавт Юрий Гагарин және басқа да халықаралық экипаждар туралы көптеген қызықты материалдар, космосты зерттеу туралы жазылған ғылыми еңбектер, еліміздің ғарышкер-ұшқыштары, халық батырлары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтердің өмірі, қызметті және космос кеңістігін бағындырудағы жасаған ерліктері туралы мәліметтер қойылды. Осы ретте оқырмандарымызға көрмені тамашалай отырып аспан әлеміне сапар шеккен қаһармандар жайында көптеген жаңа мәлімет алуға мүмкіндік туды,- дейді аудандық кітапхана кітапханашысы Айдана Талғатқызы.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы