12.04.2021, 9:48
Қараулар: 32
Қамқор кітапханашылар

Қамқор кітапханашылар

Елдегі көмекке мұқтаж отбасыларды қолдау, жасы келген қариялар мен кейуаналарға мекен жайлық көмек көрсету тіпті, жан-жануарлар мен табиғатқа жанашырлық таныту мақсатында қолға алынған жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» жобасы жалғасуда.

Осы кезге дейін мұқтаж азаматтарға негізінен еріктілер мен жастар, кәсіпкерлер және депутаттар көмек көрсетіп келген болатын.

Жуырда Бәйтерек ауданына қарасты Железнов ауылының кітапхана ұжымы бір отбасын қажетті азық-түлікпен қамтыды.

Қайырымды ауылдастарының тосын сыйына разы болған жанұя мүшелері ризашылықтарын білдіріп, рахметтерін жаудырды.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы