27.05.2021, 9:36
Қараулар: 21
Үздік ауыл кітапханасы атанды

Үздік ауыл кітапханасы атанды

«Өрлеу» білім беруді және мәдениетті дамыту қоры» Қоғамдық қоры Қазақстан Республикасының кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін ашу, қолдау және шығармашылық бастамаларын ынталандыру, инновациялық қызметті дамыту, жаңа идеялар мен жалпыға қолжетімді кітапханалар жұмысын ілгерілету, кітапханалардың беделін, олардың әлеуметтік мәртебесін ауыл, аудан, қала және облыс өміріндегі маңыздылығын, кітапхана қызметкерлерінің ынтасын және кітапхана кәсібінің беделін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының үздік кітапханасы» конкурсын ұйымдастырды.

Елішілік конкурсқа ең үздік деген ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық және мектеп кітапханалары қатысты. Бірнеше бөлімнен тұратын сырттай конкурс қорытындысында Бəйтерек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Зеленый ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Ляззат Мизанбаева «Үздік ауыл кітапханасы» бөлімінің «Еркін» аталымында І орынға ие болды. 51 кітапхана ішінен үздік деп танылған ауыл кітапханасы осылайша барша ауданды қуанышқа бөледі.

— «Еркін» аталымында әр қатысушы конкурсқа қажетті презентация тақырыбын өзі таңдау мүмкіндігіне ие болды. Мен «Үздік ауылдық кітапхана» тақырыбына слайд жасап, кітапхана өмірін көрсеттім. Үздік атанғаныма қуаныштымын. Жеңіске жетуіме әріптестерім мен оқырмандарымның көмегі көп болды. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және басқа да тілеудестеріме ризашылығым шексіз,-дейді Ляззат Мизанбаева.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы