18.03.2021, 10:55
Қараулар: 54
Ұлттық киім –ұлт мақтанышы

Ұлттық киім –ұлт мақтанышы

Дариян мектеп-гимназия-интернатының директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Самал Исмагулова мен Айшабибі Үмбетьярова және тәлімгер Айдана Сапиева ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі қарсаңында «Kazakh style» сән көрсетілімі оздырылды.

Ұлттық құндылығымызды ұлықтап, халқымыздың ұлттық киімін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрсетілімге мектеп оқушыларымен ұзтаздары белсенді қатысты. Қазақ киімін ұлықтаған оқушылар мен ұстаздар ерекше үлгідегі киімдерін көрсетіп, олардың әдемілігін паш етті. Сән көрсетілімінің соңында әр қатысушы наурыз қоржынынан дәм татып, бағалы сыйлықтарын алды.

Халқымыздың тамырын тереңге жайған қолданбалы өнерінің сарқылмас қазынасы- ұлттық киімдеріміздің мәртебесі қашанда биік болсын.

Самал ИСМАГУЛОВА

«Дариян мектеп – гимназиясы директордың

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары