21.07.2021, 12:11
Қараулар: 72
Summer БИ BEST фестивалінен жүлделі оралды

Summer БИ BEST фестивалінен жүлделі оралды

Алматы қаласында халықаралық «Summer БИ BEST» хореография фестиваль-конкурсы өтті. Еліміздің әр аймағы мен көршілес Қырғызстан мен Өзбек жерінен би ұжымдары бақ сынаған өнер додасына переметныйлық «Іңкәр dance» би ұжымы қатысты.

Классикалық би, заманауи би, әлем елдерінің биі сияқты аталымдардан тұрған фестиваль-конкурсқа 93 би ұжымы қатысты. Назгүл Жанғали жетекшілік ететін «Іңкәр dance» бишілері әлем елдерінің биі аталымында бақ сынады. Нәтижесі тамаша. Көрерменге өзбек биін ұсынған переметныйлық ұжым бірінші орын иегері атанды.

-Конкурс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біздің аталымда өзбекстандық бишілер де болды. Екі жылға жуық үлкен сахнада билемеген қыздарым осы кезге дейін жасалған еңбектің еш кетпегендігін көрсетті. Би өнерін дамытып, жастарды өнерге баулитын осындай конкурстар көп болғаны жақсы,-дейді «Іңкәр dance» би ұжымының жетекшісі Назгүл Жанғали.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы