5.02.2021, 11:25
Қараулар: 153
Туған өлке брендіт таныстырды

Туған өлке брендіт таныстырды

Жуырда облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы мен білім беру басқармасы бірлесіп «Туған өлке кереметі» атты зерттеу байқауын ұйымдастырды.

Оқушыларды туған өлке тарихын зерттеуге шақырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткен сайыс «Туған өлке бренді», «Жаңа заман батыры» атты екі номинациядан тұрды. Зерттеу жарысының шарты бойынша, әр қатысушы өз туған өлкесінен шыққан, әлі танылып үлгермеген азаматтардың жұмыстары және ерлігі жайында зерттеу жұмысын жасап, таныстыруы керек болды.

Пандемияға байланысты онлайн режимінде ұйымдастырылған жарысқа 14 үміткер қатысты. Аталмыш байқауға Бәйтерек ауданының атынан барған Ерғали Хатеп «Туған өлке бренд» номинациясы бойынша переметныйлық шебер Арман Айтпаев туралы көлімді жұмыс әзірледі. Қорытындысында оның жұмысы 3 орынға лайық деп танылды.

-Шәкіртімнің «Өз тағдырың өз қолыңда» деп аталатын зерттеу жұмысы жеке кәсіпкер Арман Айтпаевтың өнімдеріне арналды. Ерғали шебер ағамыздың қолынан шыққан бұйымдарды іздестіріп, қандай өнім шығаратындығын, анықтап, оны облыс денгейінде слайд арқылы таныстырды. Осы күні жоғала бастаған теріден түрлі бұйым жасау өнері жайында да кең мағлұмат берді. Ендігі мақсатымыз зерттеу жұмыстарымызды тереңдете түсу-дейді Ерғалидың ұстазы Асхат Бекешов.

Аружан АМАНЖОЛОВА,

Бәйтерек ауданы