1.09.2021, 9:57
Қараулар: 44
«Абайлаңыз,балалар!» акциясы өтті

«Абайлаңыз,балалар!» акциясы өтті

Жуырда Бәйтерек ауданы Приурал полиция бөлімінің кәмелетке толманғандар ісі жөніндегі аға инспектор,полиция майоры Нұргүл Бисалиева мен «Полиция жас көмекшілері» тобы мүшелері «Абайлаңыз,балалар!» жедел – алдын алу іс шарасын өткізді.

Шара барысында жас көмекшілер, Дарьинск мектебінің 10 сынып оқушыларымен бірлесіп, балаларға жол-көлік жарақатының алдын алу, жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекіту жөнінде мағлұматтар берді. Сондай-ақ балалар учаскелік инспекторлармен бірлесіп, көлік жүргізушілеріне авариялық жағдай туғызбау, балалардың өмірін қорғау жайында түсінік жүргізіп, тақырыптық жадынамалар таратты.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы