26.04.2021, 17:23
Қараулар: 41
Ауданда ауру шықпаған ауыл жоқ

Ауданда ауру шықпаған ауыл жоқ

Жыл басынан бері Бәйтерек ауданында 1106 адам ковид жұқтырған. Оның 838  симптомды болса, 268 жағдайда ауырған жандарда ковид белгілері байқалмапты. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының берген мәліметіне сенсек, ауру жұқтырғандардың 326-сы зейнетегі жандар болса, 12-сі мүгедек, 50-і мұғалім, 41-і медицина қызметкері екен. Одан бөлек, 84 оқушы мен 20 сстудент бар. Олардың 10-ны 16 жасқа толмағандар көрінеді.

 -Қазіргі таңда ауырып жатқандар саны – 290 олардың 227 үй карантинінде 63-і аураханада. Жыл басынан бері 804  адам жазылып шықса, 12 адам көз жұмды. Соңғы тәулікте ауданымызда 22 жаңа жағдай тіркелді,-деді ауданның бас санитары Аят Үмбетәлиев.

Оның айтуынша, қаңтар айынан бері санитариялық талаптарды бұзған 9 адамға хаттама толтырылыпты. Оның алтауы түнгі 00:00-ден кейін көшеге шыққанбар болса, екеуі дүкенде бетпердесіз қызмет көрсеткедер екен. Сонымен қатар демалыс күні жұмыс жасаған бір кафеге айып салыныпты.

Аят Миллятұлының сөзіне сенер босақ, індет жұқтырғандардың көбі қалаға жақын орналасқан ауылдарда екен. Мысалы Мичириннің 143 тұрғыны ауырған болса, переметныйлықтар саны 190, дарияндықтар 164 болып отыр. Қазіргі таңда ауданда covid-19 ауруы шықпаған ауыл да елді мекен де жоқ. Сол себепті ауданның бас  санитар барлық сақтық шараларын қатаң ұстану керектігін айтады.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы