23.06.2021, 10:39
Қараулар: 32
Аудандық газетке қолдау танытты

Аудандық газетке қолдау танытты

Баспасөзге жазылу науқанының аяқталуына санаулы күндер қалды. Десек те халықтың мұң – мұқтажын билікке жеткізіп жүрген «Ауыл тынысы» газетін қолдаушылардың саны артып келе жатқандығы қуантады.

Бәйтерек ауданы Рубежка ауылындағы «Рубцов» жеке кәсіпкерінің басшысы Владимир Рубцов пен «Т-134» кірпіш зауытының басшысы Иван Лазовский мәрттік танытып, ауылындағы 10 мүмкіндігі шектеулі жан мен тыл ардагерлерін өз қаражатына газетке жаздырды. Бүгінде кәсіпкерлердің сыйлығын ауылдық округ әкімдігінің мамандары әр азаматтың үйіне жеткізіп, түбіртектерін табыстады.

Маңдай терімен тапқан табысын газетті қолдауға ұсынып, сол арқылы халықтың ресми ақпаратпен қанығуына жағдай жасаған Владимир Рубцов пен Иван Лазовскийдің әрекеттері мақтауға лайық. Кәсіпкерлердің мұндай игі істері аудандағы өзге де қалталы азаматтарға үлгі.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы